The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Тәжікстан делегациясы Шымкенттің тарихымен танысты

Бүгін “Шым қала” тарихи — мәдени кешеніне Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясында бауырлас елдің Ауыл шаруашылығы министрі Хакимзода Курбон бастаған делегация келді.

Қонақтарға қала әкімі Мұрат Әйтенов жылы лебізін білдіріп, меймандостық танытты. Ежелгі Жібек жолы бойында орналасқан Шымшаһардың мәдениеті мен тарихына қаныққан тәжік елінен келген бауырлар ризалық пейілдерін білдірді.

Делегация құрамында Носирзода Жабор — Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Сафарда Бахтиёр — Индустрия жане жаңа технологиялар министрінің орынбасары, Холмация Рустам — Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Туризмді дамыту комитетінің орынбасары бар.

Сонымен қатар делегация “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінде өңірлік қолөнершілер, шеберлер туындыларын да тамашалап, ескі қалашық тарихымен танысты.

Кездесу сәтінен естелік ретінде елімізге белгілі қолөнер шебері Бейсбеков Болат мырзаның қолынан шыққан туындылар табысталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне қайта орала ма

admin

Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионаты қыза түсті

admin

Сарыағашта банан мен папайя өседі

admin