The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жетісу облысында екі адам күрежолда ажал құшты

Жетісу облысы маңындағы тас жолда жол апатынан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты Көксу ауданында тіркелді. Volkswagen Passat автокөлігін41 жастағы ер адам басқарған. Шетелдік көлік Алматы-Өскемен тас жолының 203 шақырымында жол бойындағы темір қоршауға соғылып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

Оқиға орнында жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді, — деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта. 

Жол-көлік оқиғасы, болжам бойынша, жүргізушінің шаршап, көлік басқару кезінде ұйықтап кетуі салдарынан болған. 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғын қайтарымсыз грант алып, кәсіп ашқан

admin

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Республика күнімен құттықтады

admin

Төлеби ауданында көпқабатты тұрғын үйлер көбейеді

admin