The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Кентауда биыл 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Кентауда өндіріс орындары ашылып, инвестициялық мүмкіндіктері ұлғаюда. Биыл қаладағы индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақта 4 жоба ашу жоспарланған. Соның ішінде, арнайы экономикалық аймағынан екі жоба іске асырылады деп күтілуде. Олардың бірі – «Кентау Red Star» ЖШС.  Жалпы құны 1,5 млрд. теңге болатын жобаның қуаттылығы – жылына 40 млн. дана кірпіш шығару. 80 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Аталған жоба 2025 жылдың сәуір айында іске асырылады деп күтілуде.

«Turan Shenhua» ЖШС-нің газ қазандықтары және тұрмыстық техникалар өндірісі де маңызды. Жалпы құны – 2,4 млрд. теңге.  Аталған жоба биыл қараша айында іске қосылады. Мұнда 200 адамды жұмыспен қамту көзделген.

Ал индустриалды аймақтан «АйдарСтройГрупп» ЖШС өнеркәсіпке арналған металл құрылымдарын, металл бұйымдарын өндіру жобасын іске асырмақ. Жоба құны – 2,5 млрд. теңге. Іске қосылу кезінде 150 адам жұмыспен  қамтылады.

Одан бөлек, «Сапар Құрылыс-С» ЖК металл өндіріс цехын ашады. Жоба құны – 400 млн. теңге. Жалпы 100 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

«АРЫС» ФУТБОЛ КЛУБЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

admin

Қазақ әйелдері қай салаларда еңбек етеді

admin

Алғаш рет Түркістан облысынан Тәжікстан еліне ет экспортталды

admin