The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Азия ойындары: Қазақстандық спортшылар финалға шықты

Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан қазақстандық Ольга Сафронова мен байдарка және каноэде есуден 3 спортшы финалға өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Ольга Сафронова 200 метр қашықтықты 22.79 секундта жүгіріп өтіп, финалға 4-нәтижемен шықты. Финал 2 қазан күні Астана уақытымен 17:45-те өтеді.

Ал каноэде есуден 3 спортшы финалға шықты. Атап айтқанда, 200 метр қашықтыққа каноэде есуден Мария Бровкова, 500 метр қашықтыққа байдарка есуден Анастасия Березовская және 500 метр қашықтыққа байдарка есуден ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы жолдама алды. Финал 3 қазанда өтеді.

Еске салайық, Ханчжоуда Азия ойындары 23 қыркүйек — 8 қазан аралығында өтіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты

admin

Жалдамалы пәтерде тұрып жатқандар үйлерін босатады – әкім жауап берді

admin

ТҮРКІСТАН: «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «бір колледж – бір өнім» жобасы қолға алынады

admin