Шымкентте өңірлік өнім көлемінің өсімі 4 пайызға жетеді

0

Бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы мен геология саласын дамыту шаралары қаралды.

Шымкенттің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес әзірленуде. Қаладағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, сауда және қызмет көрсету салаларындағы өсіміне байланысты, өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн.теңгеге болжанып, жыл сайын орташа 4 пайыздық өсім күтілуде.

Қаланың 2024-2026 жылдарға жоспарланған бюджет көлемі 551 млрд.теңге құрауда. Бюджет жоспарлау барысында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілді.

Премьер-Министр үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесін толық және уақытылы орындауға, сондай-ақ экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанына тоқталды. Жалпы жан-жақты ойластырылған әрі теңгерімді бюджет жобасы қалыптастырылды. Үкімет басшысы экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібін дамытуға, бизнесті қолдауға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және газдандыруға басымдық берілетінін айтты.

Үкімет басшысы маңызды міндет – бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану екенін ескертіп, ұсынылған құжаттар бойынша заң жобалары мен Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ҚР Парламентіне енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ