The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жамбыл облысында 50 мыңдай вейп жойылды

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті сот үкімін орындау аясында қомақты көлемдегі вейптерді жою жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылғылардың жалпы саны 171 млн теңгеден астам сомаға 49,5 мыңнан астам бірлікті құрады.

Қазақстан Республикасының аумағына вейптердің заңсыз әкелінуіне және айналымына қарсы күрес аясында Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдауда, нәтижесінде биыл тек Жамбыл облысында осыған ұқсас 3 факті анықталды. Тәркіленген вейптердің жалпы саны шамамен 350 млн теңгеге жуық 175 мың дана болды, — делінген мәліметте.

Қылмыстық істер бойынша үкім шығарылғаннан кейін департамент аталған вейптерді жою шараларын қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

«Kia Qazaqstan» бірлескен кәсіпорны 2025 жылы ашылады

admin

Түркістан театры астана төрінде «ФАРИЗА» қойылымын сахналады

admin

Ордабасы: бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың өкімімен Ордабасы ауданы әкімінің кеңесшісі міндетін уақытша атқарушы болып Ғалымжан Әмірбекұлы Утенбаев тағайындалды.

admin