Жамбыл: Қала тұрғындары үшін тегін консультациялық көмек көрсету акциясы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында 2023 жылдың 31 тамыз күні сағат 16.00-17.30 аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (Тараз қаласы, Қолбасшы Қойгелді 158а) қала тұрғындары үшін тегін консультациялық көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті, Жамбыл облысы адвокаттар алқасы, Жамбыл облысы заң консультанттарының палатасы, Жамбыл облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы, Жамбыл облысының аумақтық нотариаттық палатасының өкілдері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысып, қала тұрғындары үшін тегін консультациялық көмек көрсетті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының мақсаты.
Жоба мақсаты – белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту болып табылады.
Жоба 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) Қоғамдық бақылау;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру;
3) Probono еріктілік (кәсіби көмек көрсету);
4) Корпоративтік еріктілік.
Бүгінгі ұйымдастырылған акция үшінші бағыт аясында өтті. Яғни Probono еріктілік (кәсіби көмек көрсету) бағытында тегін заңгерлік көмек көрсету қарастырылған. Pro bono сөзінің мағынатына келетін болсақ, латынша pro bono publico сөзінің қысқаша мағынасы, яғни «қоғамдық игілік үшін» дегенді білдіреді. Әдетте бұл термин кәсіби маманның ақысыз қызмет көрсетуін білдіреді. Жобаға волонтері ретінде тіркелген адвокаттар, заңгерлер, сот орындаушылар мен нотариустар тегін консультациялық көмек көрсету шараларына тұрақты түрде қатысатын болады. Осы бағыттағы іс-шараны тұрақты түрде Тараз қаласында және аудандарда өткізу жоспарлануда.