The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

«ЖҰЛДЫЗ» тұрғын алабын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы «Жұлдыз» тұрғын алабының Асубұлақ көшесіне асфальт қабатын төсеу және аяқ жол салу жұмыстары басталып кетті.

Бүгін аталған елді мекен тұрғындарымен аудан әкімі тарапынан кездесу өткізіліп, асфальттау жұмыстарының бірінші қабатын төсеу барысы қадағаланды.

Айта кетейік, «Жұлдыз» тұрғын алабындағы өзекті мәселенің бірі -27 көпқабатты үйге былтырғы жылы орталықтандырылған кәріз құбыры тартылған болатын. Қазіргі уақытта магистралды құбырға тұрғын үйлерді қосу бойынша абоненттеу жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

admin

Республика күніне орай түркістандық жастар бір ай бойы мәдени іс-шаралар өткізіп жатыр

admin

Бүкіләлемдік тазалық күніне орай Созақта ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

admin