The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратШоу-бизнес

Әнші Yenlik тележүргізуші Динара Сәтжанға не себепті өкпелі

Жастар арасында Yenlik деген лақап атпен танымал Еңлік Құрарбек гонорарына қатысты жалған ақпарат таратқан тележүргізуші Динара Сәтжанға жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Динара Сәтжан сұхбаттардың бірінде інісінің тойына бірқатар отандық әншілерді шақырмақ болғанын айтты. Олардың қатарында Мирас Жүгінісов пен Еңлік бар. Тележүргізуші  Динара Сәтжанды жаңа толқынның гонорары қатты таңғалдырған.

«Былтыр інімнің тойына Мирас Жүгінісовты шақырғым келген. Гонорарының бағасы жеңілдікпен 3 жарым миллионға шықты. Қазір ол баға үш есеге дейін көтеріліп кеткен болар. Ал Еңліктің тойға шығуы 12 миллион теңге деп естідім», – дейді Динара Сәтжан.

Ал әнші Yenlik Ревю бағдарламасына берген сұхбатта бұл сөзді жоққа шығарды.

«12 миллион емес. Ол кішкене өтірік айтып жіберіпті. Мүмкін, дұрыс естімеген шығар. Мүмкін, дұрыс айтпаған шығар. Ондай емес. Менің ойымша, ол мүмкін емес нәрсе. Мен Роза Рымбаева емеспін, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген емеспін. Бұл баға — миға қонымсыз нәрсе. Сондықтан, ол дизинформация», — деп жауап берді Еңлік Құрарбек.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев заңға қол қойып, күзет пен тұрғын үй саласындағы өзгерістерді бекітті

admin

Шымкентте 3000 мыңға жуық адам уақытша қоғамдық жұмысқа жолданған

admin

ТУРКЕСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ВСТРЕТИЛСЯ С РУКОВОДИТЕЛЯМИ ХЛОПКОЗАВОДОВ

admin