Жамбыл: облыс әкімі шағын аудандардағы нысандармен танысты

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы «Ұлы дала» (№15) шағын ауданындағы бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Күні кеше облыс әкімдігіне аталған ықшамауданның бірқатар тұрғындары келіп, өзекті мәселелерін айтқан болатын.

Облыс әкімі алдымен ықшамауданның жобасымен, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, ықшамауданда 5 қабатты 150 тұрғын үй, 20 пентхаус, 5 балабақша, 4 мектеп, 2 емхана және оңалту орталығы салынады деп жоспарланған. Сонымен қатар жастар орталығы, денешынықтыру-сауықтыру кешені, халыққа қызмет көрсету орталығы, облыстық мұрағат, аудандық әкімдік, сот, прокуратура және 20 коммерциялық нысан бой көтереді. Мұнан бөлек тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында 10 гектар аумақта саябақ соғылады деп күтілуде. Қазіргі таңда саябақты сумен қамту жұмыстары басталған. Күз айларында саябақ аумағына 5 мың ағаш егіліп, келесі жылы абаттандыру жұмыстары аяқталады. 2025 жылы саябақтың құрылысы толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі.


ПІКІР ЖАЗУ