The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Антикор Шымкенттегі зообақ қызметіне тексеру жүргізетін болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағын тексеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған зообақтағы жануарларға азық сатып алуға бөлінген қаржының жұмсалуы себеп. Волонтерлер мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жүргізген. Оның қорытындысы бойынша зообақта жануарларға қажетті етті өзге мемлекеттік мекемелерге қарағанда әлдеқайда қымбатқа алатыны анықталды. Жалпы биыл мал азығына деп хайуанаттар бағына бюджеттен 309 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24«.

Бұл жерде сиыр етінің келісін 2800 теңгеге, қой етін 2500 теңгеге, ал жылқы етін 2900 теңгеге сатып алуды жариялап отыр. Бізді толғандырған сұрақ, неге бізде жануарларға бірінші сорттағы балғын еттерді қымбатқа сатып алуға көзделіп, балаларға, қарттарға, оңалту орталықтарындағы азаматтарға неге арзан еттер сатып алу жоспарланып отыр деген заңды сұрақ туындап отыр, — дейді волонтёр Айжан Кесебаева

Төменгі сорттағыларды алатын болсақ, ол 2-3 күнде сүйегімен ойнап жатқан кезде ұшыну болуы мүмкін. Ол көптеген анализдердің нашар шығуына алып келеді. Сол үшін бізде әр аңның түріне қарап, әртүрлі сорттағы еттер талап етіледі, — дейді Зообақтың бас бухгалтері Назым Түйчиева

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қалалық ТЖД басшысы мен өзге де лауазымды тұлғалар қамауға алынды

admin

М.Әйтенов: «Үйлерді мұқтаждыққа алу кезінде екі жақты келісім болуы шарт»

admin

Жыл басынан бері 2462 қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды

admin