The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматы әкімі Орталық саябақты жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Орталық саябаққа барып, жаңарту жұмыстарының нәтижесін көріп қайтты.
Соңғы жылдары мұнда жасалған игі іс аз емес. Жаңа фуд-корт бой көтеріп, спорт және балалар алаңдары, скейт-парк салынды.
Сондай-ақ, субұрқақтар мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолдарының 70 пайыздан астамы ретке келтірілді. 10 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Дегенмен саябақтың кей жері біршама ескірген, жөндеуді қажет етеді.
Сондықтан әкім оны жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды. Мақсат -тұрғындардың сүйікті демалыс орнын бұрынғыдан да жайлы ету.

Ұқсас жаңалықтар

Cуға батып бара жатқан спортшыны құтқарған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

admin

«Үй алу үшін ажырасатындар көбейген»: Жамбыл облысының әкімі жасырын себептерді атады

admin

ШЫМКЕНТ: Аудандық ардагерлер кеңесіне 43 делегат қатысты

admin