The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

ТЖМ тікұшағы Жаңақорғаннан нәрестені Қызылордаға эвакуациялады

ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары нәрестені ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шұғыл жағдайда көмекке «Қазавиақұтқару» АҚ құтқарушылары қайта келді. ҚР ТЖМ әуе кемесінің экипажы Жаңақорған ауылынан Қызылорда қаласына жаңа туған нәрестені эвакуациялауды жедел орындады.

Нәрестені шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды. Медициналық бригаданың ұшқыштары Баймұса Өркен мен Ахметов Расұлбектің үйлесімді жұмысының арқасында жаңа туылған бала қауіпсіз және жылдам медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгінде әр азамат елдің саяси өміріне еркін араласуға мүмкіндік алды – депутат

admin

ТҮРКІСТАН: Нұралхан Көшеров Сарыағаштағы «ҚАПЛАНБЕК» кеден бекетіне барды

admin

15 млн теңгесін жымқырған шетелдік ұсталды

admin