The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: Құрсай елді мекенінің инфрақұрылымын дамыту

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде бүгінде 20 мыңға жуық халық бар. Аталған елді мекенді сапалы инфрақұрылыммен қамту — басты міндеттердің бірі.

Осыған орай, қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінде бірнеше нысанның құрылысы қарқын алған. Атап айқанда, Тұрбат, Шеңбертал, Таңбалы тас, Мәмешов тұйығы, Зайсан, Өскент көшелеріне асфальт салынды. Сонымен қатар, Сатқанбайұлы, Бекболатов, Құлантөбе, Құлантөбе өткелі, Әулиекөл, Егізтөбе көшелерінде құрылыс жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Агрофирма Құрсай елдімекені Сарытау соңы, Ақбастөбе көшелеріне жол салу құрылысы жүруде.

 2023 жылдың соңына дейін Құрсай елдімекені бойынша 40 көшеге 16,4 шақырым шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде дейін 32 көшеге 15,2 шақырым шағал тас төсеу жұмысы аяқталды.

Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бүгінгі күнге дейін Аққыстау және Қармақшы көшелері жарықтандырылса, Таңатар көшесін де жарықтандыру жоспарланған.

Сондай-ақ, ауыз су мәселесі жыл соңына дейін шешімін табатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Уақытша орналасу пункттерінде 5 436 адам отыр – ҚР ТЖМ

admin

Арабша жазуы бар тумен фотоға түскен тағы бір қыз жазаға тартылды

admin

Венгрия инвесторымен Түркістан облысында зауыт салу жөнінде келіссөз жүргізілді

admin