Шымкент: бизнес секторда өнім көлемі артты

0

Қалада кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Мегаполисте шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 50 пайыздан асты.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Шымкентте тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 129 600-ге жеткен. Оның ішінде 20 800-і заңды тұлғалар болса, 102 900-і жеке тұлғалар. Ал, қалған 5 800-і – шаруа қожалықтары. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42,4 пайызға артып, 129,6 мыңға жетіп отыр.

Кәсіпкерлердің саны ғана емес, бұл секторда жұмыс істейтін адамдар мен өндірілген өнім көлемі де артып келеді. Шағын және орта бизнес секторында 213 мың 700 адам жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,8 пайызға артып отыр.

Осы секторда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құны 517 млрд 800 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 36,9 пайызға жоғары болып отыр.

Айта кетейік, қаңтар-наурыз айлары аралығында шағын және орта кәсіпкерлік секторының жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3 пайызды құраған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ