The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жамбыл: Ербол Қарашөкеев «Қазфосфат» ЖШС зауытының жұмысымен танысты

Облыста өндіріс ошағының 5 филиалы бар. Онда 6800-ден астам адам қызмет етеді. «Қазфосфат» ЖШС өңірдің жалпы өндіріс көлемінің 30 пайыздан астам үлесін қамтып отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында кәсіпорын жалпы сомасы 157,3 млрд. теңгені құрайтын өнім өндірген.

 Айта кету керек, 2022 жылы өндіріс нысанында жылына 500 мың тонна аммофос шығаратын цех ашылып, минералды тыңайтқыштар өндірісінің жылдық қуаты бір миллион тоннаға дейін артқан. Сәйкесінше 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңадан қабылданған қызметкерлер тікелей өндіріс орнында кәсіптік оқудан өткен мамандар.

Ұқсас жаңалықтар

Зағип және көру қабілеті нашар жандардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктері кеңейеді

admin

Астанада «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасы талқыланды

admin

Түркістан облысында кәсіпкерлердің саны артып келеді

admin