Жамбыл облысында елдегі пияздың 70 пайызы өсіріледі

0

2023 жылы 24,4 мың гектарға пияз дақылы отырғызылды (оның ішінде Шу ауданы – 13,6 мың гектар, Жамбыл – 5,6 мың гектар, Қордай – 2,1 мың гектар және Байзақ – 1,9 мың гектар).

Қазіргі уақытта пияз жинау жұмыстары жүруде. Бүгінгі күні 302,4 мың тонна өнім жиналып, әр гектардан алынған орташа өнім 284,6 ц/га құрап отыр.

Жалпы бұл дақылдың егіс көлемі соңғы 5 жылда 10 мың гектарға артып отыр. Сонымен қатар, 1 гектардан алынатын өнім көлемі де артуда.

Қазіргі уақытта Әулиеата пиязы Ресейдің қиыр шығысынан бастап, Европа елдеріне дейін экспортталуда.

Айта кету керек, аймақта егілетін пияз дақылының 19,1 мың гектарына су үнемдеу технологиялары қолданылады.

Бүгін ұйымдастырылып отырған пияз жәрмеңкенің мақсаты еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы іс-шара аясында облысымыздың пияз өсірушілерімен Республикамыздың басқа өңірлері арасында келісім шарт жасау көзделуде.

Көрмеге Республиканың барлық өңірінен келген мемлекеттік органдардың өкілі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері қатысты.

Бағдарлама бойынша Жамбыл ауданындағы пияз өсіруші «Надежда» ШҚ-ның егістік алқабымен және пияз, көкөніс сақтау қоймасымен танысты.

Іс-шара барысында Республикамыздың 10 өңірімен пияз өнімінің 8800 тоннасын сатып алуға меморандарға қойылды.


ПІКІР ЖАЗУ