The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкенттік апалы-сіңлілер киім дүкенін тонап кетті

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына сауда орталықтарының бірінде орналасқан дүкеннен киім-кешектер ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Орта жастағы екі әйел сатып алушылардың кейпіне еніп, сауда нүктесінен балалар, ерлер және әйелдер киімдеріне толы екі сөмке алып шыққан.

Оқиға орнына дереу жедел топ барды. Күдіктілер сауда орталығынан шығып үлгермеді. Тәртіп сақшылары оларды бірден ұстады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық» бойынша тіркеді.

Жеңіл пайданы көздегендер туған әпкелі-сіңілі екені анықталды.

– Ұсталғандарға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ұрланған тауарлар дүкенге қайтарылды. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде – , деді тергеуші Еген Елшібек.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент : Ақжайық шағын ауданы сапалы интернетпен қамтамасыз етілуде

admin

ШЫМКЕНТ: Орталық су-спорты кешені бір мезетте 100-ге жуық спортшыны қабылдауға мүмкіндігі бар

admin

Тараз полициясына жалған хабарлама берген оқушылар анықталды

admin