The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: қала әкімі шахматшы қариялардың талабын тыңдады

 Шахмат ойынын тұрақты ойнайтын 58 және 85 жас аралығындағы қариялардан құралған «Ақ тұлпар» клубының өкілдері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтен ғимарат мәселесін шешіп беруді сұрады. Спортты серік еткен ардагерлер бұл өтініштерін бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде жеткізді. Қала басшысы қариялармен «Орталық саябақта» жүздесіп, талап-тілектерін назарға алды.

 Клуб ғимараты М.Х.Дулати атындағы 8-мектептің күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуіне байланысты бұзылған болатын. Қазір клуб мүшелері «Орталық саябақта» орналасқан «Оқушылар сарайына» жиналуда.

Қала әкімі шахматшы ардагерлердің ұсыныстарын заң шеңберінде қарастырып, жауаптыларға ғимарат мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «ауыл – ел бесігі» мен «ауыл аманаты» жобаларын бір бағдарламаға біріктіру мәселесі талқыланды

admin

ШЫМКЕНТ: Тұрмысы төмен отбасылар тұратын үйлерде дабыл қаққыш орнатылды

admin

Шымкентте газдан уланған 4 адамның біреуі көз жұмды, үшеуі ауруханада жатыр

admin