The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қарағанды облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады, — делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.

Комитеттен нақтылағандай, әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлаған.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: жаңартылған оңалту орталығында жыл басынан бері 826 бала ем алып шықты

admin

Түркістан: білім — ырыс қазығы

admin

Түркістан: Дархан Сатыбалды: «тұрғындар мәселесі заң аясында шешімін табуы тиіс»

admin