The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Еліміздің курорттық аймақтарында қанша келуші демалуда

 2024 жылы Қазақстанның курорттық аймақтары 4,3 млн келушіге қызмет көрсетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12,7% артық (2023 жылы-3,8 млн), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, келушілердің 17,4% – резидент емес.
 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Алматы тау кластері ең танымал курорт аймағы атанды, онда 2,7 млн келуші болған.

Екінші орында 408,8 мың адам демалған Маңғыстау курорт аймағы.
Барушылар саны бойынша үшінші орында Щучье-Бурабай курорт аймағы иеленді – 346,7 мың келуші.

Сондай-ақ бестікке Балқаш туристік аймағы (135,1 мың адам) мен Абай облысының Алакөл курорттық аймағы (125,6 мың адам) енген. 2024 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында курорт аймақтарындағы демалушыларды орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі 168,2 млрд теңгені құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытауда құны 147 млн теңгеден асатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды

admin

Түркістан: Төлебиде экологиялық акция аясында сенбілік өтті

admin

Утильалым өсімі: Көлік бағасы қалай өзгереді?

admin