The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Қазақстанда ажырасу «тиімсіз» болады

 Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің бірі айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа Салық кодексінің жобасында неке бұзғаны үшін алынатын мемлекеттік бажды қазіргі 0,5 АЕК-тен (2025 жылы — 1 966 теңге) 5 АЕК-ке дейін (19 660 теңге) көтеру ұсынылған.

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл бастама неке бұзуға қатысты шешімді терең әрі саналы түрде қабылдауға ықпал етуі тиіс.

Мемлекеттік бажды арттыру – ажырасу туралы шешімді эмоцияның жетегінде емес, байыппен қабылдауға итермелейді. Бұл әсіресе жастар арасында негізсіз ажырасулардың азаюына сеп болуы мүмкін, – дейді депутат.

Бейсенғалиев бұл ұсыныстың бюджетті толықтыру емес, керісінше некеге және отбасылық жауапкершілікке байыпты қарауды қалыптастыру мақсатын көздейтінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 191 сәби дүниеге келді

admin

Алматыда көлік жүйесін жаңғырту жеделдетіледі: 2026 жылы BRT мен LRT жобалары басталады

admin

Кентау: қала әкімі жандос тасов тұрғындармен кездесті

admin