The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ордабасы: үздіктер марапатталды

Түркістан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы 2023» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Аудан көлемінде діни экстремизм, терроризм, жат діни ағымдардың таралуының алдын алу, мемлекеттік саясатты ілгерілету, аудандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстардың үздіктері аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, аудан бас имамы Айдос Керімбаев, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ержан Шарапов алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпат табысталды.

Сонымен қатар, жылдың «Үздік дін тану пәнінің мұғалімі 2023» номинациясы Ордабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі «Б.Төлепбаев» мектебінің дін тану пәнінің мұғалімі Ұ.Керімқұловқа бұйырды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: президенттің кеңесшісі білім саласының қызметкерлерімен кездесті

admin

Бокстан Қазақстан қыздар командасы лицензиялық турнирге аттанды

admin

22 наурыз – Жыл басы

admin