The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан театры астана төрінде «ФАРИЗА» қойылымын сахналады

Астана қаласында Түркістан музыкалық драма театрының гастрольдік сапары басталды. Жастар театрында «Фариза» спектаклін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, белгілі жазушы-драматург Роза Мұқанова бастаған зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Мерекелік сапар елорданың 25 жылдығына және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Түркістан музыкалық драма театры 2-5 шілде аралығында үздік қойылымдарын көрермен назарына ұсынады. Атап айтсақ, 4 шілдеде Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында жас драматург А. Нүсіптің «Мағжан» тарихи драмасын қояды. Спектакльде Мағжан Жұмабаевтың ағартушылық саласындағы еңбегі, махаббаты, ұлтқа адал қызметі, Сарыарқаны жайлаған аштық (1921-22 жж.) сынды өзекті тақырыптар бар. Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театрында» 3 шілде күні Т. Ахметжанның «Махаббат мұнарасы», 5 шілде күні Е. Аманшаевтың «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы сахналанады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Арыс: комиссияның кезекті отырысы өтті

admin

Жақып Асанов: Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

admin

Мемлекет басшысы Инклюзивті спорт орталығын аралады

admin