The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Медициналық сақтандыру жүйесінде әр азаматқа жеке жинақтау шоты ашылмақ

ERNUR.KZ. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын әр тұрғынға жеке жинақтау шоты ашылуы мүмкін. Бірақ арнайы шотқа жалпы аударылған жарнаның азғантай ғана бөлігі түседі, деп жазады Stan.kz. Шотта жинақталған ақшамен сақтандыру жүйесіне кірмейтін қызметтер ақысын төлеуге болады.

“Азамат МӘМС-ке қаражат аударса, сол аударған қаражатының 15 пайызын арнайы қорға жіберіп отырсақ және азамат сол ақшасын, арнайы қорға аударған ақшасын стомотология басқа да бір медициналық қызметтерді алуға пайдаланса”, – дейді депутат Нартай Сәрсенғалиев.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халық пен депутаттардың ұсынысы ескеріле отырып әр азаматқа жеке жинақтау шотын ашу жоспарланып отырғанын айтты.

“Үкімет тарапынан тиісті қорытынды беріліп отыр. Негізі концептуалды түрде норманы біз қолдаймыз. Қажет норма. Себебі, бұл азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін одан әрі арттырады деп күтілуде”, – деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы: Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов аудан ардагерлерімен кездесіп, серпінді ауданды басқару жұмысында қариялардың батасын алды.

admin

Шымкент: биыл Базарқақпа елдімекеніндегі 11 көшеге асфальт төселеді

admin

Түркістан облысында инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша жағдай тұрақты

admin