The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бала өлімі. Министр елдегі барлық мектептің спорт алаңы тексерілетінін айтты

Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Білім басқармалары кешеден бері бүкіл мектептің спорт алаңдарын тексеріп жатқанын айтады.

Сондай-ақ Бейсембаев Астана мектебіндегі футбол алаңындағы баланың өліміне кінәлілерді тергеу анықтайтынын жеткізді.

Тек Астананың ғана емес, еліміз бойынша барлық мектептің спорт алаңдары мен құрал-жабдықтары тексеріледі, — деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, Астанада үстіне футбол қақпасы құлаған бала тіл тартпай кеткен еді.

Ұқсас жаңалықтар

Республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта өтті

admin

Жамбыл облысында пияз жәрмеңкесі өтті

admin

Алматыда XXV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары марапатталды

admin