The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түнде Қазақстанның бір өңірінде үсік жүреді

Қазақстанда 2025 жылғы 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, еліміздің басым бөлігінде батыс циклонының әсері байқалады.

«Бұл циклон жаңбыр мен найзағай әкеледі. Елдің солтүстігі мен батысында нөсер жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде бұршақ түсуі мүмкін», — деп хабарлады синоптиктер.

Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанған. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал, ал оңтүстік-шығыс пен батыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде -1 градусқа дейін үсік күтіледі. Сонымен қатар Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігі, батысы, орталығы мен тау бөктеріндегі аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Солтүстік-батыс Жамбыл және оңтүстік Ақтөбе облыстарында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларынан 182 адам қаза тапты

admin

Шеру алдындағы тексеріс: министр дайындықпен танысты

admin

6 млн теңге сыйақы мен грантты өтеуден босату: Зайытов оқушыларға қатысты жаңалық айтты

admin