Өзбекстанда энергетикалық сусындарға акциздік салық енгізіледі

0

Өзбекстанда 1 сәуірден бастап құрамында қанты бар энергетикалық және газдалған сусындарға акциздік салық енгізіледі. Бұл Өзбекстанның салық және бюджет саясатының негізгі бағыттарын реттейтін 28 желтоқсандағы заңмен қарастырылған, деп хабарлайды Kazinform.

Салық заңнамасындағы түзетулерге сәйкес, энергетикалық және сергітетін сусындарға литріне 2 000 сум (74 теңге) көлемінде акциздік салық енгізіледі. 

Құрамында қант немесе басқа да тәттілендіргіш немесе дәм мен хош иіс беретін, тұтынушылық қаппен қапталған газдалған сусындарға литріне 500 сум (18,5 теңге) көлемінде акциздік салық енгізіледі.

Осы мәселені талқылағанда Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері аурулар, оның ішінде диабеттің артып кетуі мүмкін екеніне байланысты акциз енгізу жоспарланып отырғанын айтқан болатын. Акцизден жиналған қаржы Медицинаны дамыту қорына аударылады. 

2018 жыл соңында Өзбекстанда 18 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға және оларды жарнамалауға шектеу қоятын заң қабылданды. 


ПІКІР ЖАЗУ