The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: қала әкімі сапасыздыққа жол берген мердігерлер жауапкершілігін арттыруды тапсырды

Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектеп былтыр күрделі жөндеуден өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бүгін аталған нысанға барып, атқарылған жұмыстарды бақылады. Құрылыс өткен жылдың маусымында басталып, желтоқсан айында аяқталған болатын.

Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимараттың сыйымдылығы – 1 260 орындық. Мұнда қазір 2 мыңнан аса оқушы білім алуда. Екі ауысымды мектепте 65 оқу кабинеті,  кітапхана, еңбекке баулуға арналған арнайы кабинеттер, мәжіліс залы, асхана қарастырылған.

Ғимараттың күрделі жөндеуіне көңілі толмаған қала әкімі әрлеу жұмыстары мен қабырғалардың сапасыздығын сынға алды. Құрылыс басқармасының басшысына мердігерлер есебінен кемшіліктерді шұғыл ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ алдағы уақытта жеке компаниялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қадағалау жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

ОАР мен Түркістан облысы арасындағы байланыс нығаяды

admin

Бейнеуде жүздеген теміржолшы жалақыны көбейтуді талап етіп, ереуілдетті

admin

ІІМ: Былтыр Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды

admin