The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан қаласында №4 бағытындағы автобустар жаңартылды

Түркістан қаласында №4 бағытта қатынайтын автобустар жаңа қоғамдық көліктерге ауыстырылды. Жолаушылар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жаңартылған қоғамдық көліктердің сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ салқындатқыш жүйесімен және автоматтандырылған пандуспен қамтамасыз етілген. Автобустарда қалта ұрлығының алдын алу, жүргізушінің жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, жүргізушінің қызметін бақылау үшін 3 бейнекамера орнатылған.

Аталған бағытта қатынайтын 6 жаңа автобус «М.Мақатаев көшесі – А. Юсупов көшесі, Р.Рахим мешіті» жол жүру сызбасы бойынша жүреді. Қазіргі таңда А.Юсупов көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автобустар уақытша Хақназар хан көшесінен өтіп, Р.Рахим мешітіне дейін барады. А.Юсупов көшесіндегі жұмыстар аяқталысымен, жоғарыда аталған негізгі жол жүру сызбасы бойынша қатынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Сауран: аудан әкімі білім ордаларының жылу қазандықтарын тексерді

admin

«Жаңа ритмге қосыл»: Көктөбеде ауқымды перформанс өтті

admin

Түркістан облысында 100 млн теңгеден астам жалақы қарызы өндірілген

admin