The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан облысында 5 жылда 6 мың шақырым жол жөнделді

Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар  723,1 шақырым болса,  облыстық маңызы бар жолдар – 3 983,3 шақырым,  аудандық маңызы бар жолдар – 1 725,7 шақырым, елді-мекен көшелері – 11025,7 шақырым.

5 жылда 6 мың шақырымнан астам жол құрылыс-жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға  дейін жетті. Былтыр 1,5 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылдың 25 қарашасында «Дарбаза – Мақтаарал» теміржолының құрылысы басталды.  Бұл теміржол желісінің құрылысы Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған.  Оны іске асыру қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүк ағынын қайта бағдарлауға, Сарыағаш станциясы жүктемесін түсіруге және осы бағытта экспорттық жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Адамның әдемі болуына әрі ұзақ жасауына әсер ететін тағамдар аталды

admin

Жасанды интеллект кінәлі: АҚШ-та 150 мың доллар алатын маман жұмысынан айырылды

admin

Сарыағаш: аудан әкімі Қытайлық инвесторлармен кездесті

admin