Ресей Каспий теңізінде бірінші круиздік бағытты ашады

0

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың жазында Ресей Каспий маңы елдерімен бірлесіп Каспий теңізі арқылы бірінші бағдар ашуды жоспарлап отыр.Экономикалық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бағыт «Ұлы Еділ жолы» жобасы аясында құрылған және Каспий маңындағы барлық мемлекеттер – Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Түрікменстан және Ресейге бірден баруды көздейді.

Ресей Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвачтың айтуынша, қазіргі уақытта Астраханьдағы «Лотос» кеме жасайтын зауыт аумағында «Петр Великий» круиздік кемесінің құрылысы жүріп жатыр, ол арқылы ресейлік және шетелдік туристер Каспий теңізінде круизге шыға алады.

Ол сондай-ақ биылғы жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы туристік ағынды дамыту болашағына тоқталды.

«2023-2024 жылдары Алматы қаласы ШЫҰ-ның туристік және мәдени астанасы болып жарияланды. Біз бұл шешімді құптаймыз және Қазақстанмен туристік ынтымақтастықты ілгерілету бойынша одан әрі белсенді жұмыс істеуге дайынбыз. Ресейде Қазақстан Абхазия мен Түркиядан кейін баратын танымал бағыттардың ішінде үшінші орында. Ресей өз кезегінде Қазақстанға келетін туристер саны бойынша бірінші орында тұр», — деп атап өтті министрдің орынбасары.

Соңғы кездері екі ел арасында өзара туристік саяхат айтарлықтай артқан. 2022 жылы Ресей азаматтарының Қазақстанға туристік сапарларының саны 2,4 млн адамды құрады. Ресейге Қазақстаннан 1,7 млн-ға жуық турист келген. 2023 жылдың 9 айында Қазақстаннан сапарлар саны 1,6 млн-нан асты, ал Ресейден Қазақстанға туристік ағын 2,2 млн адамды құрады.

Қазақстан аумағында «Туристік карта» төлем қызметін енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан 25 елдің қатарына кірді. Бұл қызмет Қазақстаннан келген туристерге Ресейде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жылдам және ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік береді. Республика тұрғындары «MИР» виртуалды картасы бар электронды әмиянды рәсімдеп, ол арқылы Ресейдегі қонақүй, трансфер және басқа туристік қызметтерді төлей алады.

Ол сондай-ақ Ресей мен Қазақстан арасындағы туристік ағынды дамытуға бағытталған Ресейдің «Роза Хутор» таулы курорты, қазақстандық Шымбұлақ, Өзбекстанның Әмірсойы және Әзербайжан Шахдағы кіретін Таулы курорттардың Еуразиялық альянсын құру жөніндегі бірлескен бастаманың да бағытталғанын еске салды.

«Қазақстандық және ресейлік туристер біздің бірлескен туристік бағыттарымызға ғашық болды: Омбы, Павлодар және Алматы қалаларын аралататын «Жарқ еткен метеор» туры, Орынбор облысындағы Шаған өзені бойындағы бағдар, Түмен облысындағы «Көгілдір көлдерге» саяхат. Біз қазір Қазақстанмен шектесетін ұлттық туристік бағдарларды құру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Туристер үшін осындай екі бағдар бар – Алтай өлкесімен шекарадағы «Сәлем, Алтай!» және Саратов облысымен шекарадағы «Волжье немістері», — деді Д.Вольвач.

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстан Белуха тауы аймағында трансшекаралық туристік аймақты дамытуға мүдделі. Қазіргі уақытта тараптар ресейлік-қазақстандық шекарадан өтуге ерекше құқықтық мәртебе беретін үкіметаралық келісімнің жобасын әзірлеуде.


ПІКІР ЖАЗУ