The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: Түлкібастық тұрғын мемлекеттік грантпен жылыжай салған

Бүгінде жеке кәсіп ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көп. «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба» шеңберінде мемлекеттік грант алып, өңірлерде кәсібін бастағандар саны күн сайын артып келеді. Соның бірі түлкібастық Әмірхан Айтеков. Ол мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жылыжайда құлпынай өсіруді қолға алған.

«Қазір кәсіптің көзін тапқандар ауылдық жерлерде өте көп. Мен де өз кәсібімді дамыту үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, құлпынай өсіріп жатырмын. Жылыжайда құлпынайдан бөлек, пияз, сарымсақ және түрлі аскөктерді де егеміз. Қазіргі таңда құлпынайларды әр екі ай сайын жинап алып, аудандағы дүкендерге өткіземіз»,- дейді кәсіпкер.

Ұқсас жаңалықтар

Мұғалімдерге әлеуметтік желі жүргізу міндетті ме? – Министрлік жауап берді

admin

Қазақстанда енді 66 км/сағ жылдамдықтан бастап айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

admin

Қазығұртта табиғи тыңайтқыш өндіру дамып келеді

admin