The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Шымкенттік балуандар ел біріншілігінде 9 жүлдеге қол жеткізді

Елордада 1-5 ақпан күндері аралығында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі додада шымкенттік грек-рим шеберлері жалпы есепте 2-орын алып, қоржынымызға 2 алтын, 4 қола жүлде салды.

Атап айтсақ, 67 келіде Мейіржан Шермахамбет, 130 келіде Әлімхан Сыздықов қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Ал Мұхамедәлі Мамырбек (63 келі), Әділхан Сатаев (72 келі), Әбдіәзім Қарабаев (77 келі) және Джохар Узаров (130 келі) үздік үштікті түйіндеді.

 Бес күнге жалғасқан сайыста әйелдер арасынан жерлесіміз Елена Шалыгина 68 келіде оза шауып, алтын жүлдеге ие болды. Ал Бейбіт Сейдуалы (68 келі) қола медалды қанағат тұтты.

Еркін күрес бәсекесіне тоқталсақ, мегаполис намысын қорғаған Куулар Начын (65 келі) 3-орынға табан тіреді.

Айта кетейік, бозкілемде әр күрестен 10 салмақ бойынша 500-ге жуық балуан бақ сынады. Мұның ішінде 1 және 2-орын алған спортшылар Париж Олимпиадасына жолдама беретін Қырғызстан және Түркия елдерінде өтетін лицензиялық жарысқа қатысады. Ал қола жүлде иегерлері резервте болып, өз мүмкіндігін күтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Созақта киік атумен айналысқан екі браконьер ұсталды

admin

Түркістандық мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілгелі жатыр

admin

Алматыда жаңа рекорд орнатылды: 100 елдің қолөнершілері Алатау баурайында жиналды

admin