The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: Кентауда 300 орындық мәдениет үйі салынады

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жаңа 300 орындық мәдениет үйі бой көтермек. Жаңа ғимарттың құрылысы осы жылы басталмақ. Аталған құрылыс «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.

Екі қабаттан тұратын ғимарат бой көтергенде ауыл тұрғындарының түрлі мәдени шараларын өткізуге қызмет жасамақ. Мұнда көрермен залынан бөлек, хореография залы, үйірме кабинеттері, асхана болады.

Айта кетейік, 15 мыңнан аса тұрғыны бар Қарнақтың бұрынғы мәдениет үй жарамсыз күйде. Қарнақ ауыл тұрғындары біраз жылдан бері мәдениет үйінің қажет екенін ұсынып келген. Қала әкімі Жандос Тасов ауыл тұрғындарымен кездесуінде бұл мәселе тағы көтерілген болатын. Енді көптен күткен қуанышты жаңалыққа ауыл тұрғындары дән риза.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: денсаулық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

admin

Алматыда 2 мыңнан астам жұмысшы қар тазалауға шықты

admin

Көшпенділер ойындары: Түркістан облысының спортшылары ортақ жеңіске сүбелі үлес қосты

admin