Еліміздің Қарулы күштерінде тағы бір кәсіби мереке пайда болды
Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Армияның жауынгерлік әлеуетін нығайту ісіндегі осы қызмет бағытының маңыздылығын ескере отырып, 1992 жылғы 14 тамызда Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы лауазымы бекітілді. Оған генерал-майор Юрий Құрматов тағайындалған болатын.
Жауынгерлік даярлық үдерісін орталықтандырып басқару – әскерлердің жауынгерлік жоғары деңгейде машықтанудың және олардың жауынгерлік әзірлігін арттырудың міндетті ережесі.
Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық органдарының командирлері мен мамандарының күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында оқу процестері үнемі жетілдіріліп отырады, өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығы мен ауқымы артып келеді. Олардың барлығы әскерлерді ұрысқа қажет нәрсеге үйрету қағидатына бағынады.