The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСаясат

Қазақстан мен Түркия гидротехникалық құрылыстарды бірлесіп жүзеге асырады

 Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов TEMELSU түрік компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.

Кәсіпорын жобалау жұмыстарының барлық кезеңдерінде инженерлік-консультациялық қызмет түрлерін, инженерлік-геологиялық барлау, құрылыс кезінде авторлық және техникалық қадағалау қызметтерін көрсетеді.

Нұржан Нұржігітов түрік компаниясына Қазақстанда іске асырылып жатқан бірқатар ауқымды жобаларға техникалық және жобалық құжаттаманы әзірлеумен айналысуды ұсынды. Мысалы, Ислам Даму банкімен 53 су қоймасын, 133 гидротехникалық құрылысты және 7 мың шақырымнан астам суару жүйесін жоспарлы жөндеуге қаржы ұйымының қатысуы бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ министр түрік сарапшыларына бірлесіп жұмыс істеу және тәжірибе алмасу үшін Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Техникалық құжаттама кез келген жобаны сапалы іске асырудың кепілі болып табылады. Су инфрақұрылымы да ерекше емес. Ислам Даму банкімен және басқа да халықаралық ұйымдармен серіктестік орнатқан TEMELSU компаниясының тәжірибесі осы жобаларды сапалы іске асыруға көмектеседі деп санаймын. Сондықтан ұзақ және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз, себебі сіздің компания Қазақстанда және басқа да Орталық Азия елдерінде сәтті жобаларды іске асырды, — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Сабын шығаратын қойма өртке оранды

admin

Су жиналу қаупі бар 58 орын анықталды

admin

Қазақстанға 1 миллионнан аса турист келді

admin