The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСаясат

Қазақстан мен Әзербайжан экология және табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжанның Экология және табиғи ресурстар министрі Мұхтар Бабаевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар «жасыл» дипломатияны дамыту перспективаларын талқылап, жаһандық және өңірлік экологиялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

ҚР Елшісі М.Бабаевты 2024 жылғы қарашада Бакуда өтетін БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 29-шы сессиясында – COP29-да Әзербайжанның төрағалығымен құттықтады.

Өз кезегінде М.Бабаев COP29 қатысушылардың саны мен ауқымы бойынша Әзербайжанда өткізілетін ең ірі іс-шаралардың бірі болатынын атап өтіп, оған дайындық барысы туралы айтып берді.

Сонымен қатар екіжақты кездесу аясында өңірдегі климаттық диалогты қолдауға бағытталған бірқатар қазақстандық бастамалары талқыланды. Тараптар сондай-ақ әртүрлі жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Ұқсас жаңалықтар

Жеке қабылдау өтті: баспана мәселесін көтеріп келгендер болды

admin

Үкіметте оңтүстік өңірлердегі орта бизнестің жаңа жобаларын қолдау талқыланды

admin

Шымкентте 500-ден астам зейнеткерге үйлеріне барып әлеуметтік қызмет көрсетуде

admin