The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ұшақта ішімдікке тыйым салынуы мүмкін

Ryanair лайнеріндегі қырғын төбелестен кейін бірқатар жолаушы ұшақ бортында алкогольге тыйым салуды талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Dailymail хабарлағандай, Тенерифе-Эдинбург бағытындағы Ryanair рейсінде мас жолаушылар арасында төбелес болған. Жолаушылар жанжалды видеоға түсіріп алған. Салдарынан видеоны көргендер ұшақтарда алкогольге тыйым салуды талап етіп жатыр.

Жолаушылардың сөзінше, Испания аралына ұшып бара жатқанда екі адам дәлізде араздасып қалған. Кейін олардың жанжалы төбелеске ұласқан. Қалған жолаушылар жағымсыз көріністі сағаттап бақылап отыруға мәжбүр болған.

Видеоны түсірген Ханна Макдональд есімді жолаушы төбелескендердің екеуі ағайындылар, тағы біреуі олардың сүйіктісі екенін айтты. Олар ұшаққа мінгеннен ішімдік ішкені анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылы жәрдемақы өседі: Кім қанша алады?

admin

Түркістандық колледж оқытушысы қымыз балмұздағын жасап шығарады

admin

ШЫМКЕНТ: 7 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 пайызға артты

admin