Елімізде ет өндірісі 39%-ке өскен

0

Қазақстанда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 80,2 мың тонна ет өндіріліп, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,1%-ке артты, деп хабарлайды BAQ.KZ Energuprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл қаңтарда 7,1 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндірілді, 2023 жылғы қаңтарға қарағанда бірден 39,4%-ке өскен.

Қазақстандықтар ең көп тұтынатын сиыр еті 2023 жылғы қаңтар–қыркүйекте жан басына шаққанда орташа есеппен 18,33 кг болды — 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ке артық.

Одан кейін жылқы еті: жан басына шаққанда орта есеппен 4,88 кг, бір жылдағы өсім — 11,7%.

Қой етін тұтыну бір жылда 4%-ке азайып, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жан басына шаққанда орта есеппен 4,02 кг болды.

Шошқа етін тұтыну 2,5%-ке төмендеді: жан басына шаққанда орташа есеппен 2,46 кг.

2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қой еті 0,1%, жылқы еті 0,6%-ке дейін қымбаттады.

Бір жылда сиыр еті бірден 8,7%-ке қымбаттады.


ПІКІР ЖАЗУ