The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бишімбаев ісі. Бас Прокуратура ескерту жасады

 Медиа-кеңістікте Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жарияланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады. Көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген. Осыған байланысты Бас прокуратура барлық азаматтар мен БАҚ-тарды заңдылықты сақтауға шақырады, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан және соттың қызметiне қандай да болмасын түрде араласпауды ескертеді, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында Бишімбаев Нүкеноваға 12-13 соққы жасағаны анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Экологиялық жобалар қала үшін басым бағыт болып қала береді – Алматы әкімі

admin

ШЫМКЕНТ: Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

admin

Шымкентте тәртіп сақшылары шетелдік азаматтарға көмек көрсетті

admin