Сенатта халықты қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

0

 Сенатта халықты сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады.

Құжат халықтың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуді жақсартуға, пациент құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ медицина қызметкерінің беделін арттыруға көмектеседі. Заң медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуге, медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдік белгілеуге, медицина мамандығының мәртебесі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы медицина қызметкеріне кәсіби қауіптерді азайтуға, медициналық қызмет алу кезінде азаматтар құқықтарын қорғау, сондай-ақ медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Сенат комитетінің мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.


ПІКІР ЖАЗУ