Қазақстанның үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы қалай?

0

 Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы былтыр 111,3 млрд болды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның ішінде экспорт 67,6 млрд доллар болса. импорт — 43,7 млрд доллар болды. ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 млрд долларға жетті, оның ішінде экспорт 14,7 млрд доллар, импорт — 16,8 млрд доллар, — деді спикер ОКҚ-да өткен брифигте.

Сондай-ақ Саудабаев биыл қаңтар-ақпан айларында үшінші елдермен (еск- Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан) шекарадағы автомобиль өткізу пункттері арқылы 162 мыңнан астам автокөлік құралдары өткенін айтты.

2022 жылы 639 мыңнан астам автокөлік жүрді. Осылайша, өткізу қабілеттілігі 61 пайызға артты, — деді Елдос Саудабаев. 


ПІКІР ЖАЗУ