The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шаңырақ күні жаңа босанған аналарға сыйлықтар табыс етілді

 Астанада Шаңырақ күнін тойлау қарсаңында «№2 көпбейінді қалалық аурухананың» акушерлік блогында жаңа туған нәрестелердің аналары марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шарада Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Бауыржан Бектұрсынов жас босанған аналар мен сәбилерге туу туралы куәліктері мен сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, биыл Наурыз мерекесі жаңаша бағытта атап өтіліп жатыр. Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу аясында 17 наурызда Шаңырақ күні, яғни отбасылық құндылықтардың рөлі насихатталады.

Ұқсас жаңалықтар

Омар Жәлел өзін сөккендерге жауап берді

admin

Қазақстандық түлек 24 халықаралық университетке шақырту алды

admin

Ұлыбритания барлау қызметінің басшысы: Украинада Ресей әскерінің «демі таусылды»

admin