The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бір мезетте бір миллион домбырашы күй шертті

 Бүгін еліміздің барлық мектептерінде «Күй күмбірі» атты республикалық челлендж болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталмыш челлендж Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған ауқымды шара. Бір уақытта бір миллионға жуық оқушы Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады.

Домбыра челленджі – Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бастамасымен өткізілетін республикалық акция. Астанадағы Райымбек батыр атындағы №50 мектептің оқушыларымен бірге шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та қатысты.

Қасиетті қара домбырамыз дәріптелетін ауқымды шарада министр де шабыттанып оқушылармен бірге «Келіншек» күйін шертті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ерекше балаларға арналған «ҚАМҚОРЛЫҚ» орталығы ашылады

admin

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта шағын су электр станциясы салынады

admin

Түркістан облысында Батыр ана 11-ші баласын босанды

admin