The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Қазақстанда А гепатитіне шалдыққандыр көбейген

 2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ

А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Аурудың белгілері — дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең — 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНЕН ҚОРҒАЙДЫ

Вакцинациялауға жатады:

— екі жастағы балалар;

— инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

ГЕПАТИТ ИНФЕКЦИЯСЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ:

— тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;

-ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;

-ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Искусственный интеллект в Алматы: текущее состояние и перспективы развития

admin

«Түркістанды көргім келеді» жобасының жеңімпаздары анықталды

admin

Атырау облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 7 млрд теңге бөлінген

admin