The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бүгін бокстан халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнирі басталады

 Бүгін бокстан Әзербайжан астанасы Бакуде дәстүрлі халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнир басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы бақ сынайды. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия спортшылары бар.

Ел құрамасын турнирге Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бастап баратыны белгілі болды.

Турнирде еліміздің атынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Тимур Қабешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Бекзат Таңатар (86 келі), Сағындык Тоғамбай (92 келі) шаршы алаңға шығады.

Дәстүрлі турнир бес күнге созылады.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде скутер, мопед жүргізушілері тәртіпке бағынбай тұр

admin

Шымкент: әуежайда заманауи ұшып-қону жолағы салынады

admin

Н.БАЙҒҰТ: Бірінші кезекте ауыз су мәселесін шешуге басымдық береміз

admin