Академия курсанттары су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты
Бұл туралы ТЖМ ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы жылдың 31 наурызында Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға Азаматтық қорғау академиясының 25 курсанты тартылды.
Ауылда 1050 адам тұрады. 3 үйді су басу қаупі бар, оларға іргелес аумақта қаптарды толтыру және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1000-ға жуық қап инертті материал төселіп, жиналды, — деп хабарлады ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Академияның құрама отряды 28 наурыздан бастап су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда.