The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қарқаралыда 35 гектардан аса аумақ қоқыстан тазартылды

 Қарқаралыда 35 гектардан астам аумақ қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарқаралыда көктемгі сенбілікке 100-ге жуық адам шықты. Олар қала маңындағы 35 гектардан астам аумақты қоқыстан тазартты.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жанындағы жазықтарды, жол бойындағы аумақты тазарту жұмыстары жүргізілді.

6 сәуірде біздің ауданда санитарлық тазарту айлығы басталды. Бірінші кезекте біз ҚТҚ полигонының жанындағы қоқысты тазарттық. Сенбілікке қатысқандардың барлығына өте ризамын. Алдағы уақытта сенбіліктер барлық ауылдарда өтеді. Биыл Қарқаралыда жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы басталады. Мен ауданның барлық тұрғындарын біздің жерімізге ұқыпты қарауға, рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс жинақтамауға шақырамын, – деді аудан әкімі Әділжан Арғынов.

Алдағы күндері қала мен ауданды санитарлық тазарту жұмыстары жалғасады, деп сендірді сенбілікке қатысушылар. Тазартылған аумақтан барлығы 200-ден астам қап қоқыс шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: « Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы 105 елді мекенде жобалар жүзеге асырылып жатыр

admin

Экология министрі биыл жаздың қандай болатынын айтты

admin

Шымкент: Масаң күйде көлік құралын басқарған

admin