The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ақмола облысының тағы бір ауданында ТЖ режимі жарияланды

  12 сәуір сағат 18.00 — ден бастап Төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік комиссияның шешімі бойынша Бұланды ауданында ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аудан әкімі Ардақ Смайылов халыққа Жолдауында қалыптасқан су тасқыны жағдайы туралы хабардар етті. Бұдан әрі аудан әкімі су тасқынынан болатын залалды жоюмен және азайтумен айналысатын комиссия құрылғанын атап өтті.

Бүгінде зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсету үшін барлық үйлерді тексеретін комиссия құрылды, — деді аудан әкімі Ардақ Смайылов.

Әкімнің айтуынша, бірнеше ай ішінде су тасқыны алдындағы кезеңге дайындық бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Су басу қаупі төнген ауылдар азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жедел іс-шараларды өткізуге жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өңірдің ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары тартылды. 

Су басқан үйлердегі барлық тұрғындар эвакуацияланды. ​Айта кетейік, 10 сәуір күні түстен кейін Бурабай ауданындағы Қаражар бөгеті жарылып, Купчановка, Вознесенка, Капитоновка және Журавлевка ауылдарын су басқан.

Ұқсас жаңалықтар

Шардара: аудан прокуроры инвесторлармен кездесті

admin

Түркістанда Сабыр Рақымов додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

admin

Қала кәсіпкерлеріне тіл туралы Заң нормаларын түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда

admin